Weekend
Екі өзбек азаматы Ақтөбе қаласынан Шымкентке қарай жол тартқан
Ақтөбелік полицей қызметкерлері трасса бойында жол тартып кетіп бара жатқан 2 өзбек азаматын үсіктен құтқарып қалды.
Жол бойында әр түрлі қауіпті жағдайларды болдырмау үшін облыс полицей қызметкерлері тәулік бойы бақылау жұмыстарын жүргізеді.
22 қараша күні шамамен 15:00 күндізгі уақытта полицей қызметкері Артур Бекмуханов пен көші-қон полиция қызметкерлері Азамат Елеманов және Назарбек Байтақ қаладан 780 шақырым жердегі жолда бақылау жұмыстарын жүргізіп жатып, Өлке ауылы арқылы трасс бойында 2 ер кісінің тұрғанын байқайды.
Кейін ол екеуі де өзбекстан азаматы болып шықты. Өз жұмыстарын бітіріп, ақшасыз елдеріне автостоп арқылы жетіп аламыз деген ниетпен шыққан екен.
Оларды көрген полицей қызметкерлері көліктеріне отырғызып, жылынғаннан кейін Ақтөбе қаласына алып келеді.