Bugin

Махаббатта шек жоқ: Алматылық жігіт автожууға әкелінген көлікті Шымкентке қызына баруға айдап кеткен

Алматыда бір жігіт автокөлік жуу машинасынан көлік ұрлап, Шымкенттегі бір бойжеткенге қарай жолға шыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Көлік ұрланғаны жайлы шағым 16 қараша күні жасалады. 62 жастағы әйел өзінің көлігін автожууға бергенін және сол жерден ол көлікті ұрлап кеткенін айтты.

Шағымданушының сөзіне қарағанда, 62 жастағы әйел көлігін химиялық тазарту үшін автожуу сервисіне алып келген. Кешкі уақытта көлікті тастап, ертесіне 14:00 шамасында алып кетуге келгенде ұрланғанын білген. Сол уақытта әйел саспастан дереу полицей қызметкерлеріне шағым түсірген.

Көлікті ұрлап алып кеткен адамның кім екенін полицей қызметкерлері тез уақытта анықтаған. Ол - 1991 жылы туған, Талғар қаласының тұрғыны, сонымен қатар дәл сол автожуу сервисінің қызметкері болып шықты. 

Сонымен бірге, ол ер кісі оған дейін де полицей қызметкерлерінің қолына басқа да себептермен түскені анықталды.

Бір-екі сағаттың ішінде көлікті ұрлап кеткен адамның орналасқан жері табылды. Орналасқан жері табылған кезде ол Шымкент қаласына қызымен кездесуге келгені анықталған.

Полицей қызметкерлері бірден оны ұстап, уақытша қамау изоляторына апарған. Ал көлік сол күні иесіне қайтарылған.