Weekend

Қарашада қар жауды

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарашада қар жауды,

Қылышымен келді қыс.

Аяз досы қасында,

Мұнысы да дұрыс та.

Ұлпа қарлар мақтадай,

Жерге жайған кілемше.

Іздер жатыр ерекше,

Әжем ойған оюдай.

Суығы басым тоңдырар,

Жұқа кисең киімді.

Керек болса үсірер,

Жұпыны болған күйіңді.

Қалтырап жүр біреулер,

Тондарын әлі кимепті.

Қуу трико шалбары,

Тоңған кезде билетті.

Далаға күртемен шыққанда,

Аяз мені бүктірді.

Ыққа бар дегендей,

Екі бетімді үсірді.

Бүгінгі күн қараша,

Қарашада жауған қар.

Қайырымы бола ма?

Қамсыз жүрген пенделер,

Көмір түсіре алды ма?


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61