Экономика

Instagram өзгерістері

Желіге байланғандар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Instagram бүгінгі таңда жақсы табыс көзінің алаңына айналғаны көбімізге аян. Елдер үшін кәсіптің дамуына ең қолайлы жер дәл осы алаң болып отыр.  

Бірі мұнда кеңседегі ауыр жұмыс күнінен кейін, дем алу, одан қалды елдің өмірін бақылап ой тарқатуды мұқтаж еткендер болса, енді бір қауым дәл осы ой тарқатушы адамдардың көңілін аулайтындай контент (сапалы фото, видео, мәтін) ұсынушы блогерлер болып, екі тарапқа бөлінді.

Жақын арадағы осы Instagram желісінде болған өзгерістер екі тарапқа да әсер етті. Ол өзгеріс - желі қолданушыларының лүпіл санының көре алмайтыны. Бұл өзгеріс, әсіресе, Instagram-да табыс табушыларға қиын түскен көрінеді.