Weekend
Аффермацияға сену
Қазірде «аффермация», «визуализация» деген сөздерді жиі естіп жатамыз.
Тіпті, адамдардың беріліп кеткені соншалық - сол жайлы кітаптар сатып алып, соларға табынып кеткен секілді. Күлкілі жағдай иә, бірақ бұл рас жағдай.
Айнұр ханым, Құралай ханым, Қуаныш Шонбай секілді елімізге танымал таңымды адамдар кітаптарын жарыққа шығарып елге сатылымға жібереді, ал адамдар сол кітапты сатып алады.
Бір жағынан күлкілі жағдай, алайда ешкімге тоқтау бола алмаспын. Менің айтқым келгені – бұл «аффермация», «везуализация» деген сөздердің астарын біздің қазақ халқымыз бұрында-ақ ашып қойғаны.
Ол біздің «жақсы сөз - жарым ырыс» деген сөзі. Ол кітаптарды оқымай‑ақ, қаражат құртып сол кісілерге сенбей‑ақ өзіннің ойында жақсы ойлар ойлап, тек өмірді жақсы сәттермен елесттесен сенде бәрі жақсы болатынын ғана түсіну керек деп ойлаймын.