Bugin

Тоқаев әнші Ержан Максимді жеңісімен құттықтады

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді Junior Eurovision ән байқауындағы жеңісімен құттықтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Тоқаев өзінің twitter парақшасында «Ержан Максим беделді Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!», – деп жазды.

Қазылардың бағалауы бойынша Ержан Максим 148 ұпаймен алғашқы орынға шықты. Ал онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша қазақстандық жас әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орын болды. Байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габор жеңіп алды.

Қазылар алқасының бағалауы бойынша Ержан Максим 148 ұпаймен алғашқы орында. Фото: ашық дереккөз 

Онлайн дауыс беру нәтижесін қоса есептегендегі жалпы қортынды. Фото: EBU/TVP