Woman
Бақыттың құпиясы
Адамдар алдымен "сізге" көшеді, уақыт өте "сізді" қойып, "бізге" көшеді. Сіз деп сызылған сылқымнан қалай ғана алқымыңнан алатұғын айдаһарды көрмеуге болады?
Көбісі дейінгі мен кейінгіні салыстыра отырып, қу тізесін құшақтап қалатын жігіттер екен. Қалай ғана ондай халге жеткендігі беймәлім, сұрай қалсаң:
-"Қыз кезінде бәрі жақсыдан" бастай кетеді. Ал сол азаматтарымыз сондай халге жеткіздірткенінен қаншалықты хабардар? Жігіттер өздерінен неліктен қате іздемейді? Менің ойымша да екі жастың арасындағы дау дамайға негізгі себепкер сол - қателікті өзімізден іздемеу.
"Сіз солай істегендіктен осылай болды" дегенді "мен алдын ала ескерткенімде бұлай болмас еді" едіге айналдырғанда отбасындағы ыдыстың сылдыры естілсе де, шағылмасы анық. Әйелі керең, ері соқыр болған үйдің бақ-берекесі дамуымен қатар, бақыттарының баянды болуының негізгі қаруы.
Дариға Асқар