Woman

Ұрпақ тәрбиесі

Ұлттың болашағы ұрпақ қолында

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ отбасында бала тәрбиесі өте құнды ұғымдардың бірі. Өйткені халықтың болашағы тікелей жас ұрпаққа байланысты. 

Қазақ ұрпаққа тәрбие беру жолында еш аянып қалған емес. Ең алдымен, дүниеге қыз келсін, ұл келсін, қуана қарсы алып, сол шаттығымен жақындарын шақырып, ақ дастархан жайып бөліскен. Бала мен ананы зиянды күштерден, жаман адамдардан, жын-шайтаннан қорғауды және сәбидің дені сау болып өсуі мен дамуы үшін жағдай жасауды мақсат тұтатын салт-дәстүрлерге үлкен мән берілді. Баланы бесікке салу салты да осы мақсатқа сәйкес келеді.

Ер бала мен қыз баланың тәрбиесі екі түлі.


Әкеге қарап ұл өсер...

Халқымыз ұл баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта да ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұрпағына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген.

Ал қыз баланың тәрбиесі әуелде ана бауырында, отбасы тәрбиесінде тәрбиеленуден басталады. Оған ұлдан өзгеше тәрбие береді. Қыз тәрбиесінде білікті аналар қыздарын бір тізерлеп отыру, қалай болса, солай отырып-тұрмау; үнемі "сіз-біз" деп сөйлеу, тасыр мінез секілді оғаш қылықтардан аулақ болу керек.

Міне, қазақ отбасындағы бала тәрбиесі осындай тараптардан бастау алады. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі, сондықтан қазақ өз баласын тәртіпті, еңбекқор, келешекте жарқын ғұмыр кешуін қалап  тәрбиелеген. Өйткені ұлтымыздың болашағы – тәрбиелі ұрпақтың қолында.