Экономика

Кәсіпкер: Мен өз бизнесімді көшеде қалған кезімде аштым

Түнде бас сауғалайтын жер іздеп, күндіз бизнес стратегия туралы кітаптар оқиды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қағаз қорапта ұйықтаудан бастап жекпе-жектен сабақ беретін табысты бизнесті құруға дейін Gavin Eastham үшін бұл қиыншылыққа толы екі жыл болған.

Жігіттің бастан кешкен тартысты оқиғасын "BBC News" басылым былай баяндайды:

Өткен жылдың ақпан айында Біріккен Корольдікке қарасты Уэльс штатының азаматы көшеде ққалып, алғашқы түнін бұршақтың астында өткізген. 

36 жастағы бұл жігіттің некесі сәтсіздікке ұшырап, оның үстіне арқасынан жарақат алып жұмыс істеуге шарасыз қалады.

- Мен СолтүстікУэльстің тумасы болмағаным үшін, бұл жақта ешқандай байланысым болмады. Сол себепті басқа баратын жерім де болмады - деді ол.

Оның бұрынғы әйелі оның басқа тұратын жері бар деп ойлаған, алайда оның тұратын жері болмаған.

Ол бастапқыда жылынып алу үшін жергілікті кітапханаға баруды жөн көреді, сонымен бірге ол уақытты ұттырмай жағдайды өзгертуге тырысады.

Ол жерде бірнеше күн болғаннан кейін, жергілікті кітапханашыоданкүдіктене бастайды. Ол өзінің жеке кәсібін ашуды жоспарлап жүргенін айтады.

Бұл туралы ол:

- Сол кезде мен жақсы өзгеріс жасау керек деп ойладым, маған бір нәрсе жасау керек болды, - деді.

Ол кітапхананы бас сауғалау үшін пайдаланып қана қоймай, одан да маңызды нәрсе үшін пайдалана бастайды. Ол бұл туралы:

- Мен үйсіз қалғанда қалай аман қалу керектігін зерттеп жүрдім. Менжай бір қалалық жігітпін, сондықтан көшеде қалай өмір сүру керектігі туралы блогтар мен форумдар оқи бастадым, - дейді.

Түнде ол бас сауғалайтын жер іздеп, күндіз бизнес стратегиясы туралы кітаптар оқиды.

- Бұл ақылға сыймайтындай көрінеді, менің өмірімде жақсы көретін немесе жартылай жақсы көретін жалғыз ісім жекпе-жек өнері болатын. Мен мұны болашағымды қамтамасыз ету мүмкіндігіне қалай айналдыруға болады деп ойладым, - дейді ол.

 Сөйтіп ол зерттеу жұмысын бастайды, компанияның атауын және логотипін ойлап табады, оқыту жоспарын жазады және домен атауын 1,58 фунт стерлингке сатып алады.

- Мен ақыры менің домендік атауым болған екен, енді оны жалғастыруым керек қой. Менің арманым бір күні орындалады, ол маған өмір сүру үшін қажет қуат береді деп ойладым, - дейді ол.

Ол көшеде түнеп үш апта өткен соң уақытша баспанаға қол жеткізеді. Сонан соң, өткен жылдың мамыр айында, Уэльс штатындағы Флинтширде «Кобра Лайф» жекпе-жекке тәрбиелеу мектебін ашады. Қазіргі бизнесі дамып, миллиондаған табыс тауып отыр. 

Жұмыс жоспарының дамуына байланысты, ол кәсіби жаттықтырушы жалдауды жоспарлауда.

- Бұл маған жаттықтыру алаңынан шығып, стратегия жасап, жұмысымды одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді, - дейді.

Ол жауынгерлік өнерінің ілімдері оған ісін жалғастыруға күш беретіндігін айтады:

- Мақсаттарыма табанды болуым керек екенін түсіндім! - деп сөзін қортындылады кәсіпкерGavin Eastham.