Hi-Tech

2030 жылға таман 50 миллион адам жұмыссыз қалады

Бұл өте қиян-кескі 10 жылда болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Fortune басылымы 2030 жылға қарай әлемде 50 миллионнан аса адам жұмыссыз қалады деп жазады.

Forrester атты зерттеу компаниясының деректеріне сүйенсек, 10 жылдан кейін құжатпен, есептеумен айналысатын кеңсе қызметкерлері жұмысын машиналарға босатып бермек. Кеңседегі барлық процесс алдағы уақытта автоматтандырылып, адам еңбегі қажет болмайды.

Сондай-ақ дүкен сатушыларына деген сұраныс төмендейді. Болашақта тұтынушылар өздері-ақ тауарды сканерлеп, өздері төлей беретін болады. Яғни кассирдің рөлін автоматтандырылған жүйе басады.

Жасанды интеллект ақпараттық технологияны да жауламақ. Болашақта програмистердің қажеттігі төмендемек.

- Бұл өте қиян-кескі 10 жыл болады. Дайын болыңыздар, - дейді компания.