Bugin

Қазақстанда Қытайдың 5 мыңдай еңбекші мигранты жұмыс істейді

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 2 210 жұмыс беруші бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдайға сәйкес, Қазақстанға 20 мың 557 шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілген. Оның ішіндегі ең көбі – қытайлық мигранттар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Еңбекші мигранттар саны жағынан көп елдер: Қытай – 4 397 адам, Өзбекстан – 2 254 адам, Үндістан – 1 819, Түркия – 1 845, Ұлыбритания – 1 420 адам. 

Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың көбі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарға берілді – сәйкесінше 9 656 маман және 1 769 білікті жұмыскерлер еңбек етіп жүр. Сондай-ақ 2 156 адам маусымдық жұмыста, корпоративтік ауысымда 1 565 адам бар. 

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 2 210 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 518,8 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрайды.