Weekend

Дрезденде патша қазынасы тоналды

Ұрланған әшекейлердің құны шамамен 1 миллиардқа еуро

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дрездендегі мұражайдан Саксон патшаларының қазынасы, атап айтқанда, «Жасыл жинақта» орналасқан үш жиынтық, барлығы жүздеген зергерлік бұйымдар ұрланды, деп хабарлайды euronews.com

Бақылау камераларында ұрлаған екі адам екендігі тіркелген. Тергеу мәліметтері бойынша, олар бірінші қабаттағы терезе торын кесіп, әйнегін сындырып, әшекейлері бар витринаға бет бұрған, ішіндегісін жинап, жеңіл автокөлікпен қылмыс орнынан жасырынған. Арада бірнеше минут өткен соң, полиция оқиға орнына келеді.

Тонауға дейін мұражайдың жанында орналасқан қалқанда өрт шыққан көрінеді. Бүкіл ауданда жарық өшіп қалған. Полиция қылмыскерлер осылайша құқық қорғау органдарының назарын аударып, объектідегі дабылды өшіруге тырысқандығын жоққа шығармайды.

Әшекейлердің құнын олардың тарихи маңыздылығына байланысты бағалау қиынға түседі. Бірақ Bild газетінің мәліметіне қарағанда, шығын бір миллиард евроға жетеді.

«Жасыл жинақ» – Дрезденнің ең танымал мұражайларының бірі, көрме залдары мен қоймаларында үш мыңнан астам заттар орналастырылған.