Спорт
Бокс
Үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге қызығушылық танытпайтынын жеткізді.
Сауль америкалық кіші Флойд Мейвезерден кек алу мүмкіндігі туралы да айтты. 2013 жылы «Канело» Мэйвезерден ұтылып қалған болатын. Бұл – мексикалықтың мансабындағы жалғыз жеңіліс. Жақында ғана Мейвезер кәсіпқой рингке қайтар оралатынын жеткізген еді.
- Мен енді Головкинмен жұдырықтасқым келмейді. Бұл жекпе-жектің мен үшін қызығы жоқ. Мен оған 24 раундтық мүмкіндік бердім. Осы да жетеді. Мейвезер? Одан есе қайтаратын сәтімді елестетіп те қойдым. Бұл жеңіліс маған үлкен сабақ болды. Мен онымен тағы бір кездесуді қалаймын. Реванштың болатынына кәміл сенемін, - деді Канело ESPN-ге берген сұхбатында.
⠀