Саясат

Мемлекет басшысы Марат Тәжинді жаңа қызметке тағайындады

Марат Тәжин биыл наурыз айынан бастап қыркүйекке дейін Қазақстанның мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Марат Тәжин Қазақстанның Чехиядағы елшісі болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген жарлықта.

Тәжин осы жылдың 24 наурызынан 18 қыркүйегіне дейін мемлекеттік хатшы қызметін атқарды.

Марат Тәжин туралы не білеміз?

Марат Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1981 жылы Алматыдағы халық шаруашылық институтын "экономист" мамандығы бойынша бітірді. Ұлыбританиядағы Лондон университетінде тәжірибе алған.

Әртүрлі жылдары Қазақстан президентінің мемлекеттік кеңесшісі, Қазақстан президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, сыртқы істер министрі, мемлекеттік хатшы, Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметтерін атқарды.