Weekend
Құтты болсын!
Қырғыз елінде бір айға жуық созылған жыл үздіктерін анықтайтын байқау мәресіне жетті. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды.
Байқау Қырғызстандағы ең үздік актерлер мен өнер майталмандарының бақ сынайтын ортасы. Осы жүлдеге талас кезінде жақында ғана жарыққа шыққан "Время стойких. Көк-Бөрү" немесе "Көкпар" фильміндегі бас рөлді сомдағын қазақ баласы Асылхан Төлепов "Жылдың үздік актеры -2018" номинациясын жеңіп қана қоймай, Бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Үздік актер статуэткасын қолына ұстаған Асылхан Төлепов өз жүлдесіне Қазақ еліне арнайтынын айтып, екі елдің мәдениетіне табыс тіледі.