Саясат
Жазбаша да, ауызша да жолдаған
Оңтүстік Корея жағалаудағы артиллериялық жаттығуларға байланысты КХДР-ға наразылық білдірді, деп хабарлады Корея Республикасының Қорғаныс министрлігі.
- Бүгін таңертең Қорғаныс министрлігі батыс әскери байланыс желісі арқылы Солтүстік Кореяның жағалаудағы артиллериясына үзілді-кесілді наразылық білдірді. Біз жазбаша хабарлама жіберіп, оны кезекті байланыс сессиясында ауызша да білдірдік, - деп келтіреді оңтүстіккореялық Ұлттық Қорғаныс министрлігінің өкілі Чхве Хен сөзін РИА Новости.
Бұған дейін Оңтүстік Корея 27 қарашада өткізілуі тиіс Жапониямен бірлескен жағалауды күзету жаттығуларын «қызметтік жағдайларға байланысты» деп тоқтатқан еді.
17 қарашада Жапон және Оңтүстік Корея қорғаныс министрліктерінің басшылары Таро Коно мен Чон Гён Ду Бангкоктағы келіссөздер нәтижесінде 23 қарашада аяқталатын әскери-ақпараттық келісімнің жан-жақты қорғалуын ұзартуға келісе алмағандығы туралы хабарланған болатын.