Weekend

Экономист сарапшы: 2020 жылы 1 $ = 400 ₸ болмақ

83 есеге құлдыраған ұлттық валюта

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Экономист әлемдегі экономикалық ахуалдың елдегі жағдайға әсерін айтты.  

«Astana Best Consulting Group» экономисі Арман Байғанов алдағы жылы доллар бағамы төл валютамызға шаққанда 400 теңгеге дейін өседі дейді. Ал мұнай бағасы жоғарылайды деседі. Арман Байғанов Instagram парақшасында:

- 2020 жылы мұнайдың орташа бағасы биылға қарағанда жоғары болады. Brent баррелі 65-75 доллар шамасында болады деп күтілуде, – деп жазды. 

Мұның себептерін сарапшы мына аргументтермен байланыстырады. 2020 жылы АҚШ мұнай өндіруді азайтпақ. Доллардың сатып алу әлеуетінің кемуінен (жылда 2-3% инфляция әсерінен) жылма-жыл мұнай өндіру шығындары өсіп келеді. ОПЕК+ елдері мен Иран, Венесуэладағы санкциялық жағдайға байланысты әлемнің сұранысы артады.

- Мұнай бағасының болжалды өсуі ұлттық валютаға біршама қолдау көрсетеді. Дегенмен 2020 жылы инфляциялық процестер 5-10% болғандықтан – АҚШ долларының бағамы 400 теңгеден асады деп ойлаймын, – деген болжам жасады экономист.

Тәуелсіздік жылдары ішінде төл валюта долларға шаққанда 83 есеге құлдырап, өз құнын әлсіреткен. Биыл қазан-қараша айларында АҚШ доллары бағамы кейбір ақша айырбастау орындарында 391 теңгеге дейінгі бағамен сатылған.