Weekend

Қапыда кеткен Жанерке

Бұл оқиғаны естіген кезде өн бойым тітіркеніп айтарға ешқандай сөз таба алмадым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Тек көз алдымнан от құшағында оранған қыздың шарқ ұрған бейнесімен дауысы құлағыма келді. Ақ қағаз бетіне түсірген сәтімде де тамшы жасым, тынымсыз тамшылаумен болды...

***

Жаңылмасам күз айы салқын өпкен,

Нағашы атам бар еді еңбек еткен.

Еңбегімен елге ол танылса да,

Тағдыр қатал перзентке зәру еткен.


Зәрулігін Тәңірім түсінгендей,

Інісіне қос сәби сый қып берген.

Түсінгесін інісі барлық жайды,

Сұраусыз деп бір сәби тарту еткен.


Сол сәби қыз боп өсті жайқалып-ақ,

Қыр гүлі қызғалдақтай құлпырып-ақ.

Ел-жұртта тамсаныпты аяулы деп,

Бұл ертең бойжетеді көкке өрлеп.


Сол жылы күзде суық қыстай болды,

Қараша қара суық соғып тұрды.

Өткір жел атқан оқтай сумаң етіп,

Кеудеңді тесіп өтер дірілдетіп.


Жанерке ол кезде бесте-тұғын,

Үстінде жібек көйлек кестеленген.

Қара суық үйге еніп алмасын деп,

Бәйбіше пешке отты төпелеген.


Кенет жерден Жанерке қағаз тапты,

Бетінде шимай жазу өрнеленген.

Аударып қағаз бетін былай-олай,

Қызықтап тұра берді алаңдамай.


Жібек көйлек әрқашан от тартады,

Қызулы пеш көйлекті лаулатады.

Жанерке шыңғырады тыным таппай,

Алаулы от күйдіреді жан шыдатпай.


Арпалыс басталады отпенен қыз,

Дала суық, о жақта қытымыр күз.

Бәйбіше қора жақтан отын шапқан,

Нағашым шопан еді тізгін тартқан.


Үй жақтан зарлы дауыс естіледі,

Дүйім жұрт сол дауысқа жөнкіледі.

Есікті айқара ашып қалған сәтте,

Отқа оранған Жанерке жүгіреді.


Нағашым қамшы басып тұлпарына,

Құтқарамын қызым деп ентігеді.

Қанша мәрте сабалап ұрсадағы,

Жорға жүйрік бұ жолы жеткізбеді.


Шығанға көтеріліп қыз барады,

Аяқ тайып төменге құлдыйлады.

Қасына әупірем деп әке жетті,

Тұлпардан ыршып түсіп қызды құшты.


Қыздың тек "көке, көке" жалғыз сөзі,

Басқа сөзді айтуға дәрмен кетті.

Шығаннан жерге төмен әке келет,

Қолында Жанеркенің құр мүрдесі.


Жүзінде қайғы табы буырқанған,

Аманаттан қапыда айырылған.

Құлағында зарлы үн жаңғырып тұр,

"Көке менің жағдайым қалай болады?"...

                                   Бибіт Нұрмұхан