Weekend

Қазақстандықтар назарына: Шымкент туралы не білеміз?

Шымкент туралы қызықты 10 дерек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екі мың жылдық тарихы бар, еліміздің үшінші мегаполисіне айналған Шымкент қаласының тарихы тереңде жатыр. Ескі қала туралы әртүрлі деректерге де қанық болып жатамыз. Бүгін Шымкент туралы қызықты 10 деректі ұсынуды жөн көрдік.

1. Әлемнің тарихышылары мен археологтары Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар қала екенін мойындады. Бұл барша қазақстандықтар үшін жақсы жаңалықтың бірі болды.

2. Шымкент көшелерінің ұзындығымен ерекшеленеді. Олардың жалпы ұзындығы 2100 шақырымнан асады. Сонымен қатар көшелердің басым көпшілігі қазақ батырларының, мәдениет қайраткерлерінің, ғалымдардың есімдерімен аталады.

3. Шымкент халық саны бойынша басқа қалалармен салыстырғанда Алматыдан кейін екінші орынды алады. 2019 жылдың статистикасына сүйенсек  еліміздің үшінші мегаполисіндегі тұрғындар саны 1 миллионнан асады. Сонымен қатар егіздердің саны бойынша да республикадағы алғашқы қала.

4. Шымкент еліміздегі ең жылы қалалардың бірі. Сондықтан бұл жердің жазы да ең ыстық әрі ұзақ. Жаздағы температура + 45 °C-қа дейін жетеді.

5. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың маусымы күні Шымкентке республикалық маңызы бар қала дәрежесін беру туралы Жарлыққа қол қойды.

6. 2014 жылғы 17 қаңтарда Тұңғыш Президент Шымкенттің қаржылық мүмкіндігін ұлғайту мақсатында қалаға агломерация статусы берілетінін мәлімдеді.

7. 2017 жылғы қазан айында Сочиде өткен ТМД және Жоғары Евразиялық экономикалық кеңесі саммитінің қорытындысын жариялау барысында 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болатыны хабарланды.

8. Шымкент – инфрақұрылымы жақсы дамыған, Қазақстанның жетекші өнеркәсіп және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібін дамытып отырған 69 өнеркәсіптік кәсіпорын бар.

9. Тарихи қалада 35 жылдық тарихы бар дендросаябақ пен зообақ бар.

10. Шаһарда 169 мың оқушысы бар 129 мектеп жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде.