Bugin
Қазақ тілінде білім алушылар көп Шымкентте
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБілім беру жүйесіндегі ірі құрылымдардың бірі – бұл жоғарғы білім беру. Жоғарғы білім мемлекеттің ителлектуалды қуаты мен кадрлық резервіне әсер ететін негізгі жүйе.
Білім берудің жоғарғы сатысы болғандықтан, мемлекеттік тілдің бұл саладағы қолданыс деңгейінің жоғарылығын қамтамасыз ету – қажеттілік. Талапкер-шәкірттің қызмет пен мамандық жүргізуде мемлекеттік тіл компетенциясын қалыптастыратын, мемлекеттік тілде кәсіби мамандарды дайындайтын бұл жүйе – мемлекеттік тілдің мемлекет аумағында аясын кеңейтуде үлкен үлес қосатын жүйе. Мемлекеттік тілде білім алушылықты бұл саладағы деңгейін келесі кестеден көруге болады.
Қазіргі уақытта 1 миллионнан астам халқы бар Шымкент қаласында, Статисткалық комитеттің деректеріне сүйенсек, 10 жоғары оқу орны орналасқан. Жалпы Қазақстан аймақтарындағы жоғары оқу орындарының саны жағынан Шымкент қаласы үшінші орында тұр. Бірінші орында, әдеттегідей, 41 жоғары орны бар Алматы қаласы болса, екінші орында 14 университеті бар Нұр-Сұлтан қаласы екен.
Шымкент қаласында мемлекеттік университеттермен бірге Қазақстанның кез келген өңірінде кездесе бермейтін педагогикалық және медициналық жоғары оқу орындары бар.
Тағы да статистикалық деректерге сүйенер болсақ, Шымкент қаласының он университетінде, 2018-2019 ж.ж. оқу жылының мәліметтері бойынша, 84 мың 813 студент білім алуда. Оның ішінде 23 мыңға жуығы осы жылы қабылданған. Білім алушылардың саны жағынан да Шымкент қаласы екінші орында тұр. Бірінші орында 144 мың студентімен Алматы тұрса, екіншіде Шымкент қаласы, ал 14 университеті бар Нұр-Сұлтан қаласы 55 мың талапкерімен үшінші орынға жайғасты.
Соңғы 10 жылдағы статдеректерге қарасақ, Шымкенттегі білім алушылардың үнемі өсіп отырғанын аңғаруға болады.
|
Оқу жылы |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
2013 |
2014 |
2015 |
2016 |
2017 |
2018 |
|
Шымкент |
59 348 |
59 381 |
65 242 |
66 216 |
64 435 |
61 032 |
62 564 |
63 131 |
70 820 |
84 813 |
2019 жылы
Шымкентте 60 мыңға жуық студент болса, 2018/19 жылға дейін 85 мыңға дейін
көбейген. Яғни, он жылдың ішінде білім алушылардың контенті 41 пайызға дейін
өскен.
Шымкент қаласының білім беру жүйесі, салыстырмалы түрде, мемлекеттік тілге барынша бейімделген.
Студенттер санын оқыту тілдері бойынша бөлу
|
Тіл |
Қазақ тілі |
Орыс тілі |
Ағылшын тілі |
Басқа тіл |
|
Шымкент қаласы |
73 938 |
9192 |
1664 |
19 |
Қазіргі
уақытта Шымкенттегі 85 мыңға жуық студенттің 74 мыңға жуығы қазақ тілінде
оқиды. Яғни, жалпы білім алушылардың 87 пайызы мемлекеттік тілде білім алады. Жалпы,
мемлекеттік тілде білім алушылардың көрсеткіші бойынша Шымкент қаласы алдыңғы
орында. Салыстырмалы түрде айтсақ, Шымкент қаласының жоғары оқу орындары
мемлекеттік тілде білім алу барынша маманданған. Шымкент қаласынан кейін Алматы
қаласы тұр. Алматы қаласындағы 144 мың
студенттің 81 мыңы мемлекеттік тілде білім алады, шамамен, бұл 56 пайызға тең.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61