Weekend

Қоңыр

Ай қызына

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түн жұтқан көлеңкемізді сағынып,

Жаңа айдың тууын тілейміз

(Ол бәлкім кеудеге тұтылған жүрекке ұқсас...

немесе

құйрығы қолыңда қалған сары кесірткедей - 

уақытша табыттан ешқашан шықпас).


Табанымыз мүжіген жолдың

қай ойығын жамаймыз суреттермен ескі

(Мүмкін біз іздеген көлеңке

ескі суреттер астында қалды

немесе

бұлттан биік кеңістікке көшті,

тәуелсіз өмір сүру үшін мәңгі)?


Жаншып келе жатып қаңғыған жапырақтарды 

Нәзіктік жайлы сөйлейміз асқақ.

Иә, біздің көлеңкеміз сондай нәзік еді

(Әлдебір өзенге ағызып кетті оны жаңбыр (?)

немесе 

ақшыл көк теңізге лақтырды асфальт)...


Шіркін, керең шешейлердің еститінін көріп,

Соқыр әкейлердің көретінін ұқсақ...

(Жұмақ?)...

Бәрібір бірақ

түн жұтқан көлеңкемізді сағынып,

Бақытты болашақ туралы армандап қоямыз кейде

кеудеге тұтылған Жүрекке ұқсап...

                                                                          Асылан ҚУАНЫШҰЛЫ