Саясат
Сириядағы түрік әскери операциясы өз мақсаттарына жеткенше жалғасады
Бұл туралы Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп жазады LB.ua Түркияның "Yenisafak" басылымына сілтеме жасай отыра.
- «Бейбітшіліктің қайнар көзі» операциясы өз мақсатына жеткенше жалғасады, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу егер күрд әскерилендірілген күштері өз күштерін түрік-сирия шекарасынан шығармаса, Анкара Сириядағы «Бейбітшілік көзі» әскери операциясын қайтадан жаңартады деп мәлімдеген болатын.
Ал 16 қазанда парламентте сөйлеген сөзінде Ердоған шабуыл операциясы күрд «террористері» қаруларын тастап, шекара аумағынан кеткен жағдайда ғана аяқталады деп ескерткен еді.
Халықаралық қауымдастық Түркияның Сириядағы әрекеттерін сынға алып, операцияны тоқтатуға шақыруда.
БҰҰ мәліметтері бойынша, Түркияның Сириядағы операциясының салдарынан 130 мың адам босқын болған.