Экономика

2025 жылға қарай Audi Германияда 9,5 мыңға дейін жұмыс орындарын қысқартады

Жаңа бағдарламаны іске қоспақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Volkswagen тобының құрамына кіретін Audi AG компаниясы 2025 жылға қарай Германияда 9,5 мыңға дейін жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр, оны компания алдағы 10 жыл ішінде өзінің пайдасына шамамен 6 миллиард еуро қосады деп күтеді. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлайды.

Audi бұл қаражатты электромобильдер мен цифрлық қызметтер технологияларын дамытуға жұмсауды жоспарлап отыр.

- Германиядағы екі Audi кәсіпорнының өндірістік қуатын оңтайландыруға, сондай-ақ жұмыс күшін әлеуметтік тұрғыдан реттеу үшін осындай шешім қабылданды, - делінген компанияның пресс-релизінде.

Кәсіподақпен келісім бойынша жұмыстан қысқарту ерікті жұмыстан босату және мерзімінен бұрын зейнеткерлікке шығудың жаңа бағдарламасын іске қосу арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлады компания. Қысқартулар Audi менеджментіне де әсер етеді.

Германиядағы қалған 50 мың қызметкерге 2029 жылдың соңына дейінгі мерзімге жұмыс орындарының сақталуына кепілдік беріледі.

Сонымен қатар, автоөндіруші электр қозғалғыштығы және цифрландыру сияқты салаларда 2 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын құруды да жоспарлап отыр.

 - Жарияланған шаралар «операциялардың өнімділігін арттырады және неміс кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін тұрақты нығайтуға ықпал етеді, - деді Audi компаниясының бас директоры Брэм Шот.