Спорт
Футбол
"Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси 2019 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" иегері атанады, деп жазады Mundo Deportivo.
Басылымның ақпараты бойынша, France Football өкілдeрі Мессиге бұл туралы ескертіп, тіпті сұқбат алыпта үлгерген. Жүлдені табыстау рәсімі 2 желтоқсан күні Париж қаласында өтеді.
Естеріңізге саламыз, Мессимен қатар "Алтын допқа" басты үміткер ретінде Ливерпуль клубымен Чемпиондар Лигасының жеңімпазы, сонымен қатар Нидерланды құрамасымен бірге Ұлттар Лигасының финалисті Вирджил ван Дейк тілге алынған болатын.
Қазіргі таңда Месси 5 дүркін "Алтын доп" иегері болып есептеледі. Атап айтар болсақ, 32 жастағы Аргентиналық шабуылшы 2009, 2010, 2011, 2012 және 2015 жылдары үздік деп танылған болатын.