Weekend

Шымкентте 10 жылдың ішінде қандай мәдени өзгерістер орын алды?

Шымкенттің соңғы 10 жылдағы өзгерісіне көз жүгіртейік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның үшінші мегаполисіне айналған Шымкент қаласының жыл сайын түрлі өзгерістеріне куә болып жатамыз. Әр жылы қаланы көркейту мақсатында түрлі ғимараттар, тұрғын үйлер бой көтеруде. Ендеше Шымкент қаласы соңғы 10 жылда қалай өзгерді? Көне қаланың қазіргі келбеті қандай? Бүгін осы туралы әңгіме өрбітеміз. 

2011 жылы тамыз айында  Халықаралық Ассамблея ұйымы ел астаналары мен ірі қалалардың арасынан Шымкентті «ТМД және ЕврАзЭС қалаларының ішіндегі ең үздік қала» ретінде таныды.

2011 жылы  Шымкент қаласында 353 өндірістік кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде 74 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорын, 243 шағын кәсіпорын, 36 қосалқы кәсіпорын. Қалада көлік жасау, химия, кен өндіру, тағам т.б. өнеркәсіп орындары қарқынды даму үстінде.

2014 жылғы 17 қаңтарда тұңғыш президент халыққа арнаған жолдауында Шымкенттің қаржылық мүмкіндігін ұлғайту мақсатында қалаға агломерация атағын беру ұсынылды.

2016  жылы атқарушы конференциясында Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойын атап өту мәселесі ұсынылды. Осы конференцияда әлемнің жан-жағынан келген тарихшылар мен археологтар қаланың 2000 жылдан артық тарихы бар қала екенін мойындады.

Шымкенттегі 5 жұлдызды санаттағы «Rixos Khadisha Shymkent» қонақүйі заманауи сәулеттік келбетке ие. Бұл нысанның жалпы ауданы 34 мың шаршы метрді құрайды. 12 қабатты қонақүйде 176 жайлы нөмірлер, соның ішінде көлемі 450 шаршы метрлік Қазақстандағы ең үлкен президенттік нөмір бар.

Шымкенттің қақ ортасын кесіп өтетін Қошқарата өзені – қаланың мәдени-тарихи құнды дүниесі. Суының өзіндік қасиеті бар.

2018 жылдың 19 маусымы күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке республикалық маңызы бар қала дәрежесін беру туралы Жарлыққа қол қойды. Жаңа әкімшілік бірлік еліміздің он жетінші аймағы атанды.

2017 жылдың қазан айында Сочи қаласында өткен ТМД және Жоғарғы Евразиялық экономикалық кеңесінің саммитін жариялау барысында 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы болатыны айтылды. ТМД елдерінің мәдени астана жылы аясында Шымкентте белгілі кинорежиссерлар, актерлар, суретшілер, өнер қайраткерлерінің кездесуі өтеді.

Шаһарда Қазақстан халқының бірлігі символын танытатын 24 метрлік тұғырда жалпы ұзындығы 80 метр биіктікте «Жер ана» тәуелсіздік монументі орналасқан. «Жер ана» монументінің ашылуына Нұрсұлтан Назарбаев арнайы өзі келіп қатысты.

Шымкенттік тағы бір жетістігі қалада қала ішіндегі қала салынуда. Ол Shymkent City деп аталады. Қалашықтың жалпы ауданы 427 гектар. Мұнда 316 үй, балабақша, мектептер, емханлар салынуда. Барлығы заман талабына сай, өмір сүруге ыңғайлы жағдайда бой көтереді.

2018 жылдың 1 желтоқсанында Шымкентте демалыс орталығы Арбаттың ашылу салтанаты өтті. Іс-шара еліміздің Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылды. Серуендеуге арналған бұл аймақтың ұзындығы шамамен жарты шақырым және ені 35 метр. Мұнда 7 субұрқақ пен велосипед жолы бар. Сонымен бірге 90 орындық, 26 үлкен және 76 кіші шамдар, аркалар Бейбітшілік көшесінің Әл-Фараби алаңымен Республика даңғылымен қиылысын ерекше безендірді. Сонымен бірге, мұнда арнайы селфи зонасы бар. Арбаттың қақ ортасында - 12 сәулет түрімен безендірілген гранит картасы - Қазақстан атласы орналасқан.

Ең басты жетістігі әрі ең қайырлы істің бірі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инва-такси тегін қызметі пайдалануға берілген. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61