Hi-Tech

Илон Масктың брондалған пикабына бір тәулікте 146 мың тапсырыс берілген

Тесланың акциясы құлдырап кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


22 қарашада Лос-Анджелестегі Tesla презентациясында брондалған корпусы мен бұрыштық футуристикалық дизайны бар Cybertruck электрлік пикабы таныстырылған болатын.

Tesla-ның Cybertruck брондалған электропикабының тұсаукесерінен кейін, осы көлікке бір тәулік ішінде 146 мың тапсырыс келіп түскен. Бұл туралы Twitter-де компанияның негізін қалаушы Элон Маск мәлімдеді, деп хабарлайды Toppress.kz.

Оның айтуынша, сатып алушылардың 42 пайызы 49,9 мың доллар тұратын екі қозғалтқышы бар модельді таңдаған. Ал тапсырыстардың 41 пайызы үш қозғалтқышы бар пикапқа тиесілі болды, олар 69,9 мың долларға сатылады. Тек 17 пайызы 39,9 мың доллар тұратын бір қозғалтқышы бар Cybertruck-тың бастапқы нұсқасына тапсырыс берген.

The Guardian басылымының хабарлауынша, электр пикапты таныстырғаннан кейін, Tesla акциялары алты пайызға құлдырап кеткен көрінеді. Нәтижесінде Илон Масктың байлығы 768 миллион долларға қысқарған.