Weekend
Проза
Соңы
Бара жатыр. Айналып бара жатыр. Басы айналып бара жатыр. Бақыттан басы айналып бара жатыр. Әзірейілдің бақыттан басы айналып бара жатыр.
Құбылу
Ол бұрын әр нәрседен Құдайды көретін. Бүгін ол айнадан өзін көрді.
Абсурд
Ол жоғалтқан нәрсесін ешқашан жоғалтпаған...
Бір қуаныш, бір қайғы
Бүгін бүкіл қалаға танымал жөзекше тұрмысқа шықты. Енді ол қызметі үшін ақша алмайды.
Қызғаныш
— Оны кім өлтірді? — деп сұрады полицей, жалаңаш мәйіттің жанында тұрған жігітке қарап.
— Төсек, — деп жауап берді, бұрын сұлу болған әйел.