Спорт
Әлішер Ерғали мен Серік Бақытханов жастар арасында өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері
Словакияның Трнава қаласында күрес түрлерінен жастар арасында әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Әлемнің ең үздік балуандары сайсысқа түсіп жатқан додада Әлішер Ерғали күміс жүлдеге қол жеткізді. 92 келі салмақта белдескен отандасымыз ақтық сынға дейін қарсыластарын қоғадай жапырып, алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алған. Өкінішке қарай, финалда ирандық Аббас Али Фороутанрамидің осал тұсын таба алмады. Ал 97 келіде сынға түскен Серік Бақытханов алғашқы белдесуде әзірбайжан балуаны Орхан Хасановты оңай ұтса, екінші айналымда украиналық спортшының мысын басты. Серік жартылай финалда америкалық балуанға есе жіберіп, қола жүлде үшін белдесуде оңтүстіккорейлік Хуюнсу Ханды сан соқтырды.
Айта кетейік, грек-рим күресінің балуандары әлем чемпионатында бірде-бір жүлдеге қол жеткізе алмаған болатын.