Weekend

Air Astana Алматы-Париж бағыты бойынша ұшақ жібере бастады

Енді Алматыдан Парижге тіке баруға болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Air Astana Алматы-Париж бағыты бойынша 2020 жылдың маусым айында ұша бастайды. Рейстер аптасына 3 рет жаңа Airbus A321LR ұшағымен орындалады. 

Рейстер сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері ұшырылады. 

Алматыдан рейс сағат 14:15-те ұшып, Парижге ұшақ сағат 18:00-де қонады, Парижден рейс сағат 19:20-да ұшып, ертеңіне сағат таңғы 06:35-те Алматыға қонады. 

Ұшу уақыты сәйкесінше 7 cағат 15 минутты және 7 cағат 45 минутты құрайды. 

Авиабилеттің ең төменгі құны эконом-класта 191 765 теңгеден (барлық алымдарды қоса есептегенде), ал бизнес-класс билеттері 944 206 теңгеден басталады. 

Тарифке байланысты 32 келі жүк тапсыруға болады.