Bugin

Шымкентте арнайы курс бітірушілер емтиханнан өтіп, куәліктер табысталды

Шымкент қаласы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанынан құрылған «Оқу орталығында» биыл тігінші мамандығы бойынша 50 оқушы оқу бағдарламасына сәйкес үш айлық курсты аяқтап, оның ішінде бір ай теориялық оқудан және екі ай Шымкент қаласындағы «Оңтүстік былғары» ЖШС-нің тігін цехында іс-тәжірибеден өтті.


Өз кезегінде тігінші мамандығы бойынша курс бітірушілерімен және оқытушыларымен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы емтихан тапсыру алдында кездесіп, олардың емтиханды сәтті тапсыруына және тігінші мамандығы куәлігіне ие болуына сәттілік тіледі.