Саясат
Жаңа келісімдерге қол қойылды
Тоқаев бірінші кезекте сауда-экономикалық байланыстар туралы айтып, қырғыз инвесторлары мен кәсіпкерлері үшін Қазақстанда, ал қазақстандықтарға Қырғызстанда қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Шекар бойындағы мәселелер бойынша ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Бақылау-өткізу пункттері жаңартылуда. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев экспорттық-импорттық операцияларды қолдау және ынталандыру үшін шекарада тауарларды рәсімдеп, өңдейтін логистикалық орталық құруды ұсынды.
Мемлекет басшысы Орталық Азияның трансшекаралық өзендерінің су ресурстары ортақ меншік екенін атап өтті. Ондаған миллион адамның тағдыры, бүкіл аймақтың тұрақтылығы мен гүлденуі оларды тиімді пайдалануға байланысты.
"Қазақстан мен Қырғызстанның Шу-Талас өзені бассейндеріндегі өзара әрекеттестігі бүгінде әлемнің көптеген елі үшін жақсы үлгі болып отыр. Бізде мемлекетаралық су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану бойынша бірлескен комиссия жұмыс істейді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан жыл сайын осы нысандарды үлестік қаржыландыруға, жөндеуге және қызмет көрсетуге қатысады.
"2000 жылдан бері біз осы мақсаттарға миллиард теңгеден астам қаржы бөлдік, қаржыландыру тәжірибесі жалғасады. Осы саладағы жағдайды ескере отырып, екіжақты форматта да, аймақтағы серіктестерімізбен де тығыз үйлестіру жұмысын жалғастыруға келістік", - деді Тоқаев.
Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан студенттері, оның ішінде Қырғызстандағы қазақ және Қазақстандағы қырғыз диаспоралары үшін бюджеттік білім беру арнайы бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін талқылады.
Елдердің әрқайсысында мәдени күндер өткізу қажеттілігі туралы уағдаласты.
Денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты қолдаудың маңыздылығы да аталып өтті.
"Бір қызығы, Қазақстанның жоғары оқу орындарында 50-ден астам студент-дәрігер білім алуда. 100-ге жуық жетекші клиниканың, медициналық университет пен компания басшыларының қатысуымен Қырғызстанда қазақ медицинасының күндері өтті", - деді Тоқаев.
Екі мемлекет арасында берік құқықтық база құрылды, онда 180 құжат бар.
"Бүгінде сондай-ақ екіжақты келісімдерге қол қойылды. Олардың арасында ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасын атап өткім келеді, ол біздің серіктестігімізді нығайтуға айтарлықтай серпін беруі тиіс", - деп есептейді Тоқаев.
Сөзінің соңында мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен келіссөздердің нәтижесіне қанағаттанатынын білдірді және қонақжайлылық пен кездесудің тамаша ұйымдастырылғаны үшін алғысын білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан басшысын 2020 жылы Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
Еске сала кетейік, Тоқаев Қырғызстанда екі күн болады. Бейсенбі, 28 қарашада Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді.
Күн тәртібінде Ұйым шеңберіндегі өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері қаралып, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның биылғы қызметінің басым бағыттарын жүзеге асыру қорытындылары шығарылады.