Сізге кітап оқу ұнамаса қорықпаңыз сіз жалғыз емессіз. Өкінішке орай, статистика бойынша кітап оқуды ұнатпайтындардың саны 21 ғасырда 3 есеге артқан екен. Сонымен қатар бірнеше жыл кітаптың бетін ашпаған адамдар арамызда кездесіп жататыны жасырын емес. Ендеше сіз ұнамайтын əдетті қалай ұнайтын əдетке айналдыра аласыз?
Біріншіден, өзіңізге ұнайтын жанрдағы кітаптарды оқыңыздар. Егер де сіз əлі өзіңізге ұнайтын жанрды таппасаңыз айналаңыздағы достарыңыздан таныстарыңыздан олар оқыған, оларға əсер еткен кітапты оқып көріңіз, мүмкін сізге де ұнар.
Екіншіден, кітап оқып бастағанда үлкен көлемді, сөздері ауыр кітаптардан бастамаңыз. Өйткені ол кітаптар сізді тез зеріктіріп жіберуі мүмкін. Одан да шағын шығармалардан бастаған дұрыс.
Үшіншіден, сіз нəтиже үшін емес өзіңіз үшін оқып жатқаныңыз туралы ұмытыпаңыз.
Төртіншіден, қалаңыздағы əдеби клубтардың кездесулеріне барып тұрыңыз онда сіз жаңа таныстар қызықты əдебиеттер туралы біліп оқи аласыз.
Бесіншіден, егер де осының бəрінен еш нəтиже шықпаса онда аудиокітаптарды тыңдаңыз. Кейбір адамдарға оқығаннан көрі тыңдағаннан есте тез сақталуы мүмкін. Жəне де аудиокітаптардың бір артықшылығы кептелісте, қоғамдық көлікте, бос уақыт болғанда тыңдай аласыз.
Алтыншы, асықпаңыз. Сіз өзіңіз үшін оқып жатқандықтан асықпай əр бөлімді талдап оқыңыз.