Bugin
Ағылшын мұғалімдеріне қойылар талап жоғары
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мақсатында Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінде семинар-трейнинг өтті. Ал дәріс берушілер – Америкадан келген оқытушылар.
Семинарда шәкірттерге тіл меңгертудің тиімді жолдары талқыланды. Пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттырып, білім берудің заманауи үлгісін қалыптастыру жағы сөз болды. Ең негізгісі үш тілділікті қолға алған педагогтарға шетелден келген мамандар дәріс оқыды. Ағылшындар жыл бойы еліміздің 15 аймағын аралап жалпы 600 педагогтың біліктілігін арттырмақ.
- Оқыту екі бағытта жүргізіледі. Соның бірі – медиа саласындағы ақпараттарды өңдеу. Жиында жалған ақпаратты шынайы хабардан қалай ажырату қажет екені айтылды. Бұл тек бастамасы ғана. Біз аталмыш семинар трейнингті Қазақстанның барлық аймағында өткізуді жоспарлап жатырмыз, - дейді Орта Азиядағы ағылшын бағдарламаларының аймақтық директоры Джон Сильвер.
- Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдеріне қойылар талап өте жоғары. Бұл курс арқылы мұғалімдер өздерінің біліктілігін шыңдайды, - дейді ҚР Ағылшын тілі мұғалімдерімен оқытушылары қауымдастығының президенті Татьяна Литяйкина.