Weekend
Статистикалық деректер
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Шымкент қаласының жыл басынан бергі басты статистикалық деректері жарық көрді.
Халық саны
2019 жылғы 1 қазанға қаланың халық саны 1028,7 мың адамды құрады және 2018 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда халық саны 18,2 мың адамға немесе 1,8% өсті. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекке халықтың табиғи өсімі (азаю) 17,5 мың адам немесе 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 105% құрады. Туылғандар саны 21,2 мың адам құрап, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 5,8% өсті. Өлгендер саны 3,6 мың адамды немесе 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 109,5% құрады.
Тұрмыс деңгейі
2019 жылғы II тоқсанда қалада, халықтың орташа бір айда жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, бағалау бойынша, 71626 теңгені құрап, 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 24%-ға, ал нақты ақшалай табыс 17%-ға өсті.
Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу
2019 жылғы III тоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 22,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 5,1% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы қазанның соңына 10,6 мың адамды немесе жұмыс күші санына 2,5% құрады.
2019 жылғы III тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 141007 теңгені құрап, 2018 жылғы III тоқсанына қарағанда 24%-ға өсті. Осы тоқсанда нақты жалақы индексі 117,1% құрады.