Weekend

Мәдени ошақ: Шымкенттегі Орыс драма театры 90 жылдық мерейтойын атап өтті

Орыс драма театрына - 90 жыл!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Шымкентте Орыс драма театрының 90 жылдық мерейтойына орай арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл мерейтойға қала әкімі Ерлан Айтаханов, Қазақстан Республикасы театр одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов, Таганрог қаласы театрының өкілдері, Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев және елімізге танымал өнер майталмандары қонақ ретінде қатысты.  

Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов театр ұжымын ыстық лебізімен құттықтай отырып, барлығына шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар ол театр өнерінде орыс драма театрының орны бөлек екенін тіліне тиек етті.Оның  айтуынша, 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астаны атанады. Сол себепті барша шымкенттіктерді алдағы уақытта ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға белсене атсалысуға шақырды.

Сонымен бірге Ерлан Қуанышұлы театр тарихында аттары алтын әріптермен  жазылған өнер майталмандарына «Алғыс хаттар» табыстады.

Мерекелік іс-шарада қалалық мәдени ұйымдар арнайы қойылымдар ұсынды.

Театр туралы не білеміз?

Театр кез келген жанды рухани азықтандыратын, адамның тұла бойына жарық беретін ерекше мекен.

Бүгін тарихы тереңде жатқан, орыс драма театрының құрылғанына 90 жыл. Әл-Фараби алаңында орналасқан драма театрға ағылып келер халықтың саны жыл санап артып келеді. Театр 1929 жылдың 1 қарашасынан бастап өз жұмысын бастады. Бүгінде театрда орыс, шетел, классика, заманауи бағыттағы 70-тен астам қойылым бар.