Weekend
Орташа жас - 28
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБиыл жастар жылы аясында жастарға баспана бағдарламасы жасалған болатын. Яғни, жастарға үш жыл бойы жалдамалы пәтер үлестіру биылдан басталды. Үш жылдың ішінде 3 мың жасқа пәтер берілмек.
Бұл бағдарламаның бір жағыннан кемшілігі, екінші жағынан басымдығы болса керек: ол – жалдамалы пәтерлердің тек үш қалада ғана – Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент ғана берілуі. Басқа аймақтық қалалар жастарға арналған бұл бағдарламадан тыс қалайын деп тұр. Есесіне, жастар мол шоғырланған өңірлерде баспана таршылығы болмайды, ресурс басым аймақтарға жұмсалмақ.
Шымкент – Қазақстанда жастары көп үшінші қала. Статистикалық деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта Шымкент қаласында 1 млн 30 мың адам тұрады. Бір жылдың ішінде Шымкент 27 сәби дүниеге келген.
Ал талдау деректеріне қарасақ, Шымкент халқының орташа жасы – 28 жас. Ал Қазақстан бойынша бұл жас 32-33 жасқа дейін жетеді. Ал 28 жас салыстырмалы түрде «ең жас» саналады. Мәселен, дүниежүзіндегі ең жас ұлт шешендер болса, олардың орташа жасы – 27-28 жасқа тең.
Ал Шымкенттіктердің өмір сүру ұзақтығы 75 жылға тең. Әзірше, Қазақстан бойынша ең көп өмір сүретіндер олар – алматылықтар мен астаналықтар. Олар 76 жас өмір сүреді.
Шымкентет ір жылдың ішінде 6-7 мың жұп неке құрады. Өкінішке орай, оның 2500-і ажырасып кететін көрінеді.
Шымкентте жыл сайын халық саны 25-30 мыңның арасында өседі. Шымкентке 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің саны 350 мыңға жуық. Ал 16 мен 62 жас аралығындағы адамдардың саны 586 мыңнан асады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61