Bugin

Шымкентте Ханбибі Есенқарақызының мерейтойы тойланды

Хан апа

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақтың өр мінезді қыздарының бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Ханбибі Есенқарақызы 70-ке келді. 

Ақынның мерейтойына орай шымкентте «Мен анамын, ақынмын, әлемді ойлар...» атты шығармашылық кеші өтті. Онда жастар қаламгердің өлеңдерін оқып, өмірімен жақынырақ танысты.

Бүгінде барша оқырманы  «Хан  қызындай Хан  апа» деп  құрметтеген қаламгер Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығы толысқан  шағы. Ол – жиырмаға жуық жыр жинақтарының  авторы. Оның өлеңдері орыс,  украин,  өзбек, тіпті  якут  тілдеріне  аударылған. 

- Мерейтой иесінің  өлеңдері  өз  мінезіне  сай  өршіл. Қара  қылды  қақ  жарады. Өзбекстан,  Қазақстан  жазушылар  одағының өкілдері мен  еліміздің әр  өңірлерінен  келген жазушылар, өнер иелері мен қоғам қайраткерлері қаламгерді  құттықтап,сый, құрмет  көрсетті, - деді Шымкент қаласының әкімі Ерлан  Айтаханов.

Мерекелік басқосуында өр  мінезді  ақынның 10  томдық  еңбегі   таныстырылды. Шараға жиналғандар сөз зергерінің өмірі мен  шығармашылығынан  сыр шертер бейнетуындыны   тамашалады.