Weekend

Шырайлы Шымкент: Береке басы – бірлік

Рухани жаңғыру

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаламызда айтары ауқымды, мақсаты маңызға ие қоғамдық форум өтті. «Шырайлы Шымкент: Береке басы – бірлік» деп аталатын бұл басқосу бұрынғыдан бөлек форматта. 

Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделген. Оған зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар қатысып, тең дәрежеде ашық пікір алмасты. Шырайлы қаланың даму перспективалары сөз болды.

- Негізгі мақсатымыз осы – қаладағы қоғамдық бірлесіп атқарылатын жұмыстарды талқылау, ашық алаңға салу. Республикалық деңгейдегі үлкен азаматтарды шақырып отырмыз. Ол кісілердің осы мегаполис туралы, қала тұрғындары туралы, дамудың негізі туралы айталатын болады, - дейді Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева.

Шараның басты мақсаты - елдіктің  іргесін бекітіп, теңдіктің тұғырын нығайту. Халық арасындағы өзекті мәселелердің шешімін табуды көздейді. Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиында талай тақырып тарқатылды.