Weekend

Шымкент мұғалімдері латын қарпін талқылады

Біліктілік

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елімізде латын графикасына көшу-ұлтымыздың тарихындағы ең маңызды оқиға болып табылады. Мемлекеттік маңызы бар іске Шымкенттік мұғалімдер де үлкен жауапкершілікпен қарайды. 

№97 жалпы орта білім беретін мектепте «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтымен бірлесе ұйымдастырылған «Латын әліпбиіне көшу рухани жаңғырудың іргетасы» атты облыстық семинарда жаңа әліпбидің маңыздылығы сөз болды.

Аталмыш семинар облыс деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылды.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының мамандары мектеп мұғалімдерімен бас қосып жаңа әліпбиге көшудің ұтымды тұстарын талқылады. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты - шет тілден енген сөздерді тілімізге икемдеп жаза отырып, балалар санасына сіңіру дейді, - олар.

- Қазіргі таңда №97 жалпы орта білім беру мектебінде екі ауысымда 500-ден аса бала оқиды. Жаңа білім беру форматына сай бой көтерген мектепте балалардың толықтай сапалы білім алуына жағдай жасалған.  Мектеп ұстаздары  қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудың жаңа жолында аянбай еңбек етуде. Латын әріпіне көшу барысында оқушылырды грамматикалық және психологиялық жағынан да дайындауда, - дейді «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты директорының орынбасары Мұхтар Ақтаев