Bugin

Шымкент: «Нұр Отан» партиясының актив мәжілісі өтті

Партия тапсырмасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елбасы, ҚР Тұнғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың жетекшілігімен партияның аймақтық филиалдарының өкілдерімен болған кездесуді түсіндіру және сол мәжілісте қаралған тапсырмаларды іске асыру мақсатында Шымкент қалалық партия филиалының партиялық актив мәжілісі өтті.

Партиялық актив мәжілісіне Шымкент қаласының әкімі, партия филиалы төрағасы Ерлан Айтаханов, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев, сонымен қатар қалалық және аудандық филиалдардың саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, БАҚ өкілдері және «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері қатысты.

Партия активін Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Ерлан Айтаханов ашып, жүргізді.

Жиын барысында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов 1 желтоқсан – Тұңғыш Президет күні мерекесіне орай және Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың жиында берген тапсырмалары туралы баяндама жасады.

Жарыссөзге шыққан Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Ғани Ташқараев Шымкент қаласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің жұмысының барысы туралы айтты. Шымкент қаласының мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін арттыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Мәжілісті партия филиалының төрағасы, қала әкімі Ерлан Айтаханов қорытындылап, партия жұмысын жаңғырту жұмыстарында белсенділік танытуға шақырды. Жиын соңында 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенті күніне орай партия билеттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.