Weekend

Шымкент университеттері кәсіпорындармен шартқа отырды

Тәжірибе жинақтау

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Білім беру мен өндірістің мамандарды дайындау сапасын арттыру мақсатындағы интеграциясы» атты дөңгелек үстел өтті. 

Енді аталмыш жоғарғы оқу орында білім алып, қолына диплом алған студенттер тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Бұл бағытта жоғары оқу орны ірі кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды. Университеттің 75 жылдығына орай жүзеге асқан шараның мақсаты студенттерді дуалды білім беру әдісі арқылы болашақта сапалы маман етіп шығару.

ОҚМУ-де студенттер 95 мамандық бойынша дәріс алады. Өткен жылы 3900 түлек белгілі бір маман иесі атанса, биыл олардың саны 4 мыңға жеткен. Қазіргі таңда Жоғары оқу орны жас мамандарды жұмыспен қамту бағытында 200 ірі кәсіпорынмен тығыз байланыс орнатқан. Өйткені, қазір жастар арасында жұмыссыздық мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Сондай-ақ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың студенттердің тәжірибесін арттыру мақсатында 800-ге жуық өндіріс орындарына жолдама беруге мүмкіндігі бар. Университет ректоры Дария Қожамжарованың айтуынша оқуын аяқтаған түлектердің 65 пайызы жұмыспен қамтылған.