Bugin
Алтын алқа
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында батыр аналарға куәлік табыстау рәсімі өтті.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов жеті бала тәрбиелеп өсірген үш анаға «Алтын алқа» және алты бала тәрбиелеп өсірген тоғыз анаға «Күміс алқа» төсбелгілерін тағып, мерейге бөленген аяулы жандарға куәліктерін табыс етті.
- Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін! Әр ананың арманы - баласын биіктен көру. Ұл-қыздардың тілегі – ата-ананың амандығы. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, ұл-қыздарыңыздын қызығын көріп, бірге қуанып жүре беруге тілектеспін! Ақ жаулықты әже болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, – деп Ғабит Патшаханұлы өз тілегін білдірді.