Weekend
"Шымкент Сити" арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]
Қала әкімі Ерлан Айтаханов "Shymkent City" тұрғын үйлер алабына қызығушылық танытып, оны аралады. Қала тұрғындарымен кездескен Ерлан Айтаханов жылу бойынша проблема туындаған үйлерге арнайы барып, жағдайды өз көзімен көрді. Содан кейін ғана тұрғындармен сұқбаттасуға ниет білдірді.
Жұмыстардың сапалы болуы қажеттігіне айрықша тоқталған қала әкімі жауапты мамандардың салғырттығынан халық зардап шекпеу керегін атап өтті.
2018 жылы тұрғызылып, қолданысқа берілген үйлерге тұрғындар әлі күнге дейін толық қоныстанбаған. Соның салдарынан су, жылу жүйесінің құбырларында циркуляция жұмыстары жүргізілмеген, одан бөлек газ жүйесі толық қамтылмаса, ауызсу, газға төлеу үшін жеке дербес шот ашылмаған. Осыған орай қала басшысы әр аулаға жауап беретін тұлғаларға тұрғындардан тиісті құжаттарды алып, жауапты мекемелерге барып, құжаттар жағын реттеуді тапсырды.
Тұрғындардың уәждерін тыңдаған қала әкімі әр үйдің жертөлесі мен әр пәтерге кіріп көріп, жылудың қосылғанын тексерді. Сонымен қатар тұрғындарға алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермейтіндігін айтып, тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берді.
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов кезекті рет "Shymkent City"-де болды.
Тұрғындармен кездесу кезінде әкім ондағы мәселе түбегейлі шешімін тапқанға дейін өзі арнайы келіп, жұмыстың барысын бақылайтынын айтты. Айтылған сын мен берілген тапсырманың нәтижесінде жауапты сала мамандары екі күнде біршама істі атқарды. Мысалы №9, 10 үйлерге жылы су берілсе, 732 пәтерлі 12 көп қабатты үйге жылу берілді. Мамандар әр пәтерді аралап, жылудың толықтай қосылғанына бақылау жүргізді.
Шаһар басшысы, бұдан бөлек, "Shymkent City" тұрғын алабында салынып жатқан тұрғын үйлер мен мектептің және жылыту қазандығының құрылысын да аралап көрді. Құрылысты салушылармен кездесуде Ерлан Қуанышұлы құрылыс сапасына баса назар аударып, жұмысты жоспарға сай аяқтау керегін қатаң тапсырды.