Саясат
Қытай АҚШ-ты қорқытты
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com«Қытай "Гонконгтағы адам құқықтары және демократия туралы" заңның қабылдануына, оған АҚШ-тың араласуына қарсы әрі шара қолдануға дайынбыз, ал оған кінәлі тарап АҚШ болады», деді бейсенбіде Қытай СІМ. Бұл туралы Интерфакс хабарлайды.
- АҚШ-тың ұстанымға қатал болмағаны жөн, әйтпесе Қытай да қарсы шаралар қолданатын болады. Ал оның зияны болса, оған АҚШ жауап береді, - делінген хабарламада.
Онда Гонконгқа қатысты жаңа заңдар «Гонконгтың ісіне елеулі араласу - Қытайдың ішкі істеріне елеулі араласу, халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын өрескел бұзу, бұл Қытай үкіметі мен халқы қатты қарсылық көрсететін реттелмеген гегемония» деп атап көрсетілген.
- Гонконг – біздікі, Қытайдікі. Гонконгте болып жатқан жағдайлар - Қытайдың ішкі мәселесі. Оған шетелдің араласуға құқығы жоқ, - деп мәлімдеді Қытай СІМ.
Мәлімдемеде «Бұл заңдар қытай халқына, соның ішінде Гонконгтағы отандастарға, Америка Құрама Штаттарының қауіпті ниеті мен гегемонистік табиғатын тағы бір рет паш етеді» делінген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61