Елу жылдан астам тарихы бар Бадам өзені жағалауы Шымкент қаласындағы көрікті демалыс аймағы болып саналады.
Осыған дейін Бадам өзені жағалауын көріктендіру жұмыстары жүргізілген еді. Енді Бадам өзені үстіндегі көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілді. Нақтырақ айтар болсақ, «Қорғас - Алматы - Шымкент - Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолы. Жалпы бұл жоба 8 кезеңнен тұрады. Оның төрт кезеңінде құрылыс жұмыстары атқарылуда, ал қалған 4 кезеңінде жобалау жұмыстары жүргізіледі. Көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр, ені -11,5 метр, жалпы ені - 28,2 метр. Жоспар бойынша, көпір құрылысы 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталу керек. Көпір құрылысы аяқталғаннан кейін жаңа көпір пайдалануға беріледі.
Шымкентте тағы бір көрікті демалыс аймағы пайда болады. Дәл қазір Бадам өзенінің жағалауын абаттандырып, көріктендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ұзындығы үш шақырым өзен бойын жаңалап, құрылыс жұмыстарын жүргізуге кіріскен мердігер мекеме биылғы қазан айында міндеттемені толық орындайтынына сенімді.