Саясат

Ирактан қазақстандық 14 бала елге жеткізілді

Балалардың аналары Ирак түрмесінде отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше, қарашаның 24-сі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен СІМ Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан қазақстандық 14 бала елге эвакуацияланды.

Ведомство таратқан ақпаратқа қарағанда, «балалардың аналары, террористік әрекетке қатыстылығы үшін сотталып, Ирак  түрмесінде жазасын өтеп жатыр».

Аталған гуманитарлық акция балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша «Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен тығыз  байланыса отырып жүзеге асырған».

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құжаттандыру үдерісі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышатын болады. Өткен апта (19 қараша) ҰҚК Ирак түрмесінде қазақстандық 6 әйел жазасын өтеп жатқанын мәлімдеген. Аталған алты азаматтың балалары болуы мүмкін.

«2019 жыл Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ үшін маңызды. Осыдан тура 30 жыл бұрын БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына қол қойылды, ал ақпан айында біздің осы Конвенцияны ратификациялағанымызға 25 жыл толды» делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін ҰҚК Ирак-Сүрия аймағынан  277 ересек адам (57 ер адам, 220 әйел адам) және 547 кәмелет жасқа толмаған балакері қайтарылғанын айтқан болатын. Сондай-ақ діни радикализмнің ірі ошағына айналған аймақтатардан оралған198 әйелмен 545 бала Қазақстанның бейімдеу-оңалту орталықтарында болған.

Биыл Қазақстан тарапы бірнеше кезеңнен тұратын «Жусан» эвакуациялау операциясымен барлығы 357 қазақстандық бала елге жеткізілген. Таратып айтқанда, 9 қаңтарда «Жусан-1» Қазақстанның 47 азаматы, 7 және 9 мамыр күндері «Жусан-2» 231 азамат, олардың 159-ы – бала, ал соңғы «Жусан-3» операциясымен 28-31 мамырда 67 әйел, 171 бала Сүриядан оралған еді.