Bugin
Көрменің бір бөлігіне Абай мұралары қойылмақ
- Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абайдың 175 жылдығын мерекелеу туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында облыстық тұжырымдама мен өңірлік іс-шаралар жоспары әзірленді. Оларды сәтті өткізу жөнінде жұмыс комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына әртүрлі қызмет саласының өкілдері – тарихшылар мен әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері мен журналистер кірді, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов.
Оның айтуына қарағанда, жоспарға енген іс-шаралар кешенінің негізгі мақсаты – Абайдың көп қырлы философиялық және шығармашылық мұрасын жан-жақты ашу арқылы достық пен жасампаздықты көрсету болып отыр.
- Абай жылы аясында 560 шара өткіземіз. Сонымен бірге, алдағы жылдары Кембридж университетінің «Fitzwilliam» мұражайында үлкен «Ұлы дала алтыны» көрмесін өткіземіз. Ол көрменің бір бөлігі – Абай мұрасы мен шығармасына арналады. Ол көрме аталмыш мұражайда келесі жылдың маусым айынан тамызына дейін ұйымдастырылады. Осылайша, ағылшындар Ұлы даланың тарихымен танысады, - деді ол.