Weekend
ШҚО туризмі
Шығыс Қазақстанның туризм саласындағы бұл жаңалықпен облыс басшысы Даниал Ахметов бөлісті.
- Алакөл жағалауы бүгінгі таңда Қазақстанның басымдыққа ие туристік орындарының ондығына кірді. Соңғы 3 жылда инфрақұрылымды дамытуға және абаттандыруға 6,2 млрд теңге бөлінді. Алдағы 4 жылда 28 миллиард теңгеге тағы 7 ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сол секілді Ресей Федерациясының Курортология және физиотерапия ғылыми-зерттеу институты жыл бойы сауықтыру туризмін дамыту үшін көлдің емдік қасиеттері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Зерттеу нәтижелерінің өзі көлде санаторий салуға болатынын көрсетіп отыр», - деді Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Аймақ басшысы сонымен бірге Алакөл жағалауының дамуы бюджетке салық төлемдерінің түсіміне ықпал ететінін жеткізді.
- Былтырғымен салыстырғанда биыл Алакөлдің табыс мөлшері 1,6 есе өсті. Сонымен қатар облыста медициналық туризмді дамытудың барлық алғышарттары жасалды. Қазіргі уақытта Қазақстанда бес медициналық қызмет - медициналық туризмді дамытуда артықшылыққа ие болуы мүмкін. Олардың үшеуі - кардиохирургия, нейрохирургия, бірлескен протездеу - Шығыс Қазақстан облысының клиникаларында бар, - деді ол.
ҚазАқпарат