Weekend

Өскеменнің экологиялық мәселесін шешу үшін арнайы бағдарлама әзірленді

Зауыттың технологиясы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысының әкімінің айтуынша, экологиялық мәселені шешу үшін арнайы бағдарлама әзірленген.

- Біздің проблемаларымыздың бірқатары – ескі технологияларға байланысты. Ешкімді қорғап отырған жоқпын. Шынымды айтайын: расында да, біздің зауыттардағы технологиялық процесстер үздік болған жоқ. Сол себепті, олардың салдарын көріп отырмыз. Екіншіден, ол технологияларды өзгертуге бола ма? Әбден болады. Ол мәселемен айналысып жатырмыз. Қасым-Жомарт Кемелұлының (Тоқаев - авт) тапсырмасымен арнайы бағдарлама әзірленді. Ол қазіргі уақытта Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауында жатыр, - деді Даниал Ахметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Аймақ басшысының айтуына қарағанда, соңғы 5 жылда экологиялық процестерді дамытуға 27 млрд теңге аударылған.

- Оның 12 млрд теңгесін Қазмырыш, 4,1 млрд теңгесін Көмір-электр стансалары беріп отыр. Неге қол жеткіздік? Соңғы 5 жылда ауаға шығарылатын қалдық көрсеткішін азайттық. Мен жоғарыда атаған бағдарлама теңдессіз саналады. Әзірге алға шығып, ол туралы кеңірек айтпай тұра тұрайын. Министрліктің сараптамасы келгеннен кейін толыққанды жауабын беремін, - деді ол.

ҚазАқпарат