Саясат
Өрт
Моңғолия Австралияға гуманитарлық көмек ретінде 45 мың АҚШ долларын береді. Тиісті шешім бейсенбіде Моңғолия үкіметінің кезекті отырысында қабылданды.
- Өткен демалыс күндері Австралияның Квинсленд және Жаңа Оңтүстік Уэльс штаттарында орман өрттерінен алты адам қаза тауып, 150-ден астам ғимарат қирады. Осыған байланысты Моңғолия үкіметі гуманитарлық көмек көрсетуді ұйғарды, - делінген хабарламада.
Статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта 7000-нан астам моңғол студенттері Австралия университеттерінде оқиды, олардың көпшілігі - Жаңа Оңтүстік Уэльсте.